Жаңалықтар

Түркістан облысында 10 келіге жуық марихуана тәркіленді

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде
Түркістан облысында 10 келіге жуық марихуана тәркіленді
Фото: polisia.kz 10.12.2022 12:00 1331

Түркістан облысының полицейлері 10 келі есірткі тәркіледі, El.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының полицейлері арнайы жедел-іздестіру шаралары аясында күдікті ретінде Сарыағаш ауданының тұрғынын ұстады. Оның үйіне тінту жүргізу кезінде үш полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас зат табылып, тәркіленіп алынды. Полицейлер күдікке ілінген ер адамнан жауап алу барысында тың ақпаратты анықтады. Ол есірткіні Келес ауданындағы танысынан алғанын жеткізді. Аталмыш ақпарат негізінде жедел уәкілдер бірден әрекет етті. Полицейлер келестік тұрғынның үйіне кезек күттірмейтін тінту жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде ер адамнан есірткіге ұқсас заты бар бес полиэтилен пакет пен бір қапты тауып, айғақты зат ретінде тәркілеп алды.

Табылған заттарға сараптама тағайындалды. Нәтижесінде ол 10 келіге жуық марихуана болып шықты.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 296-бабы  «Есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, олардың аналогтарымен сату мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша тіркеліп, қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға