Жаңалықтар

Түркістан облысы тұрғын үй құрылысы бойынша көш бастап тұр

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті
Түркістан облысы тұрғын үй құрылысы бойынша көш бастап тұр
Фото: 7kun.kz 21.11.2022 16:47 2604

Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің өсімі бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биылғы жылдың 10 айында пайдалануға берілген жаңа нысандардың жалпы ауданы 13 930,4 мың м2 құрады. Оның 90,6%-ы – тұрғын үйлер.

2021 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы ауданы 1,1%-ға ұлғайып, 11 724,8 мың м2 құрады.

 Олардың ішінде:
6 355,8 мың м2 – көппәтерлі үйлер
5 310,9 мың м2 – жеке үйлер
52 499 м2 – жатақханалар

Тұрғын үйлерді пайдалануға берудің өсімі республиканың он бес өңірінде байқалды. Өсу қарқыны бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр (43%), одан кейін Ақмола (11,8%), Алматы (10,9%), Шығыс Қазақстан облыстары (8,4%) және Шымкент (26,2%) пен Алматы (8,6%-ға) қалалары.
Бұл ретте, берілген тұрғын үйлердің азаюы Ұлытау (39,6% - ға), Абай (11% - ға), Маңғыстау (15,7%-ға), Атырау (11,3%-ға) облыстарында және Астана қаласында (13,4%-ға) байқалды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға