Түркістан-Астана бағытындағы FlyArystan компаниясының ұшағы 15 сағаттан бері кешігіп жатыр
EL.KZ Информационно-познавательный портал
29.07.2023 12:52
Фото:
avianews.com
FlyArystan әуе компаниясының Түркістан – Астана рейсі 15 сағаттан астам уақытқа кешігіп жатыр, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы қазақстандық лоукостердің баспасөз қызметі хабарлаған.
FlyArystan сағат 00:55-те ұшып шығуға тиіс Түркістан-Астана КС7362 рейсі өндірістік қажеттілікке байланысты кешіктіріліп жатқанын хабарлайды. Ол 29 шілде сағат 16.30-да ұшып шығады деп жоспарланып отыр. Біз жолаушылардан кешірім сұраймыз, - деп жазылған компания таратқан ақпаратта.
Аталған жағдайдан кейін әуе компаниясы рейс жолаушыларына сусын, ыстық тамақ және телефон байланысымен қамтамасыз етілетінін жеткізді.
Күндізгі уақытта рейс сегіз сағаттан астам, ал түнде алты сағаттан астам уақытқа кешіктірілген жағдайда жолаушылар жатын орын, сонымен қатар ол жаққа жеткізетін және қайта алып келетін трансфер сұрай алады. Барлық сұрақ бойынша FlyArystan өкілдеріне жүгінуді өтінеміз", - деп мәлімдеді компания.
Жолаушылар рейс туралы ақпаратты әуе компаниясының сайтынан тексеріп отыра алады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

