Жаңалықтар

Түркі мемлекеттері ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарды
Түркі мемлекеттері ұйымы Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті
Фото: gov.kz 10.11.2022 19:25 1908

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) 9-шы саммиті қарсаңында Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті, деп хабарлайды El.kz. Бұл туралы СІМ мәлімдеді.

Қазақстандық делегацияны Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді басқарды.

СІМ басшысы өз сөзінде Қазақстанның түркі ынтымақтастық ұйымдары шеңберіндегі өз міндеттемелеріне берік ұстанымын және мүше мемлекеттердің ынтымақтастығын одан әрі дамытуға, экономикалық және мәдени өзара іс-қимылын нығайтуға, сондай-ақ Ұйымның тиімділігін арттыруға үлес қосуға дайын екендігін атап өтті.

Отырыс барысында қатысушылар ТМҰ мемлекеттері басшыларының қатысуымен өтетін 9-саммиттің күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, атап айтқанда, осы іс-шара барысында қол қоюға және қабылдауға жоспарланған құжаттар мен шешімдердің жобалары бекітілді.

Түркі мемлекеттерінің ұйымы (ТМҰ) Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы Нахчыван қаласында (Әзербайжан) құрылды. ТМҰ Хатшылығы Ыстанбұл қаласында (Түркия) орналасқан. Қазіргі уақытта Ұйымға Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан кіреді. Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы мәртебеге ие.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға