Туризм: негізгі капиталға 460 млрд теңгеден астам инвестиция салынған
2025 жылғы маусым айының қорытындысы бойынша туризм саласында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемінде оң көрсеткіш байқалды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Туризм және спорт министрлігінің мәліметінше, биылғы алғашқы алты айда негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 460,2 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (390,5 млрд теңге) 18%-ға артқан.
Талдау барысында тұрғын үй және тамақтану, өнер, ойын-сауық және демалыс, көлік, жалға беру, туризм бизнесі, спорт және бос уақытты ұйымдастыру сынды 14 экономикалық қызмет түрі ескерілді.
Өңірлер бойынша инвестиция өсімінде көш бастағандар:
Ақтөбе облысы – өсім 342%
Ұлытау облысы – өсім 154,7%
Қызылорда облысы – өсім 106,2%
Атырау облысы – өсім 96,6%
Алматы қаласы – өсім 74,7%
Павлодар облысы – өсім 62%.

