Биыл ұлттық парктерге 2 миллионға жуық адам барады деген болжам бар
550 мың адам Щучинск-Бурабай курорт аймағына барды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп, – деп хабарлады El.kz. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі мәлімдеді.
Жазғы маусым аясында 240 мыңға жуық адам «Шымбұлаққа» барды, бұл былтырғы жазғы маусымға қарағанда 90 мыңға артық. (Нақты көрсеткіштер маусым аяқталғаннан кейін жарияланады.
Биыл ұлттық парктерге 2 млн-ға жуық адам барады деген болжам бар.
2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша:
Орналасу нысандарына жайғасқан ішкі туристер саны 21,5% артып, 1,13 млн адамды құрады;
Орналасу нысандары 26,3 млрд теңге көлемінде қызмет көрсетті, бұл 2021 жылғы 1 тоқсанмен салыстырғанда 25,7% - ға артық;
Апта сайын Қазақстанға кемінде 11 мың шетелдік турист келеді;
Дүниежүзілік экономикалық форумның мәліметі бойынша туризмнің жаһандық рейтингінде Қазақстан 2021 жылы өз позициясын жақсартып, 117 елдің арасында 66 - орынды иеленді (2019 жылы-140 елдің ішінде 80-орын). Еліміз «Баға бойынша бәсекеге қабілеттілік» ( 1-орын), «Туризмнің маусымдылығы» (26-орын), «Табиғи ресурстар» (33-орын), «ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени мұра объектілерінің саны» (42-орын) көрсеткіштері бойынша жоғары баға алды.
2021 жылы Қазақстанда ішкі туристер саны рекордтық деңгейге жетті: тіркелген адамдар саны шамамен 7 млн.