Видеодан кадр

Туристік полиция Дженнифер Лопес концертіне келген қонақтарды қалай қарсы алды?

10.08.2025 19:23

Алматыда туристік полиция Дженнифер Лопестің концертіне келгендер шетелдік қонақтарды ерекше қарсы алды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Алматыда туристік полиция қызметкерлері шетелдік азаматтарға ақпараттық қолдау көрсетіп, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде. Полицейлер туристерді әуежайда, қонақүйлерде, танымал туристік бағыттар мен демалыс орындарында қарсы алып, оларға QR-кодтары бар арнайы карталар табыстады.

QR-код SafeTravel.kz порталына апарады. Бұл – қауіпсіздік бойынша ұсыныстар, жедел қызметтердің нөмірлері, қала карталары, көші-қон ережелері, ресми такси қызметтерінің тізімі мен төтенше жағдайлар кезіндегі нұсқаулықтар қамтылған ресми ресурс. Ақпарат алты тілде қолжетімді.

Полиция мәліметінше, бүгін Алматыға келген қонақтардың арасында әлемдік жұлдыз Дженнифер Лопестің концертіне арнайы келген көптеген шетелдік туристер болды.

Біздің міндетіміз – қоғамдық тәртіпті сақтау ғана емес, сонымен қатар қонақтарға қалада бағдар табуға көмектесу, нақты ақпарат беру және Қазақстанда болу ережелерін түсіндіру. Біз әр турист Алматыда өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінуін қалаймыз, – деді қалалық ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шумаев.

Туристік полиция қызметкерлері сонымен қатар, анықтамалық көмек көрсетіп, көші-қон тіркеу мәселелері бойынша кеңес береді, бағыттар және сенімді гидтер мен туроператорларды ұсынады.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Алматы қаласының ПД (@almaty_police_department)