t.me/ru2ch

Туристер Анталья жағалауында акулалар көрген

Түркияның Анталья қаласындағы танымал Коньяалты жағажайының маңында демалушылар ірі акуланы байқаған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл оқиға туристер арасында дүрбелең туғызды, тіпті кейбір адамдар жыртқышқа тас лақтыра бастаған.

Куәгерлердің айтуынша, ұзындығы шамамен 2 метрге жететін акула жағаға өте жақын жерде жүзіп жүрген. Су ішінде жүрген адамдар бірден жағаға ұмтылған.

Мамандардың айтуынша, Жерорта теңізінде акулалар анда-санда кездесіп тұрады. Бірақ олардың жағалауға осыншалық жақын келуі өте сирек жағдай. Ресми тұлғалар Коньяалты аймағында қауіпсіздік шаралары қабылданғанын мәлімдеді.