Түрікменстанда Қазақстанның мәдени күндері өтеді
16.02.2024 20:10
Фото:
Мәдениет және ақпарат министрлігі
Мәдениет және ақпарат вице-министрі Ербол Әліқұлов Түрікменстанның Қазақстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Батыр Реджеппен кездесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің мәліметінше, екі жақ маусым айында Қазақстанда өтетін Түрікменстанның мәдени күндері мен осы жылы қазан айында жоспарланған Түрікменстандағы Қазақстанның мәдениет күндеріне дайындық барысын талқылады.
Ашхабадта өнер көрмесі және қазақ киносының күндері өткізіліп, отандық әртістер мен шығармашылық ұжымдардың қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылады.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

