Жаңалықтар

Түрікменстан Президенті Рамазан айында төрт жүзге жуық сотталушыға рақымшылық жасады

Түрікменстан Президенті Рамазан айында төрт жүзге жуық сотталушыға рақымшылық жасады
Фото: Akorda.kz 03.04.2024 08:37 657

Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхамедов Рамазан айында «Қадір түні» мерекесіне орай 356 тұтқынға рақымшылық жасады. Бұл туралы президенттің жарлығы жарияланды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Kazinform-ге сілтеме жасап. 

Министрлер кабинетінің мүшелері, дәстүр бойынша қасиетті Қадір түні қарсаңында қылмысы үшін сотталған, бірақ жасаған әрекетіне шын жүректен өкінетін азаматтарға рақымшылық жасау шараларын өткізіп жатырмыз. Асыл дәстүр бойынша мен осыған байланысты 356 сотталғанға рақымшылық жасау туралы жарлыққа қол қойдым, - деді Бердімұхамедов министрлер кабинетінің отырысында.

Сонымен қатар, қала және аудан әкімдерінің басшыларына рақымшылыққа ілінген азаматтарды жұмысқа орналастыру шараларын қабылдау жөнінде тапсырмалар берді. Бердімұхамедов таяуда абақтыдан шығатын азаматтарға адал еңбек етіп, елдегі жүзеге асырылып жатқан ауқымды өзгерістерге атсалысып, мемлекетке адал қызмет етіп, еңбегінің жемісін көруді тіледі.

Анықтама үшін, Рамазан айының «Қадір түні» әдетте оразаның 27-ші күні (осы жыл 5-сәуірден 6-сәуірге қараған түн) тойланады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға