Жаңалықтар

Түрік компаниясы Қазақстанда көкөніс қоймасын салады

Түрік компаниясы Қазақстанда көкөніс қоймасын салады
Фото: ©El.kz/Мәди ЫСҚАҚОВ 25.07.2024 01:19 559

Ауыл шаруашылығы министрі орынбасары Ермек Кенжеханұлы «Saraylım Tarım» компаниясының Басқарма Төрағасы Ылыджа Мустафамен кездесу өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу барысында екі тарап инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

«Saraylım Tarım» - Түркия Республикасында жемістер мен көкөністерді сақтау саласында жетекші компания болып саналады. Кәсіпорын қоймаларының сыйымдылығы жылына 14 мың тонна жеміс-жидек, ал, өңдеу қуаттылығы жылына 35 мың тонна. Компания өнімдері әлемнің 18 еліне экспортталады. Компания қуаттылығы 5 мың тонна көкөніс қоймасын салуға мүдделі. Жобаның құны шамамен 15 млн АҚШ долларын құрайды.

Сондай-ақ сірке суы мен көкөніс консервілерін өндіруді жолға қою ниеті бар. Жобаға салынған инвестиция сомасы 15 млн. АҚШ долларын құрамақ. Ылыджа Мустафа жоба Алматы облысында іске асырылатынын, оған Қазақстандық серіктес анықталғанын хабарлады. Өз кезегінде вице-министр инвесторларға көрсетілетін мемлекеттік қолдау, көзделген субсидиялар, жеңілдіктер мен преференциялар туралы айтып берді.

Ауыл шаруашылығы министрлігі жобаны іске асыруға барынша жәрдем көрсетуге дайын, - деп атап өтті Ермек Кенжеханұлы.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға