Тұрғындарға ескерту: Газ баллоны үшін 1 730 000 теңгеге дейін айыппұл салынады
Көпқабатты үйде газ баллонын пайдалану әкімшілік құқық бұзушылық ретінде тіркеліп, кодекс негізінде айыппұл салынады.
Кей тұрғындар көпқабатты үйдің балконында, лоджиясында газ баллонын ұстайды. Бұл әкімшілік кодекстің 306 бабы бойынша газ пайдалану, газбен жабдықтау жүйесінің талаптарын бұзу ретінде тіркеледі. Тиісінше, мынадай айыппұл салынады.
- Газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзу – жеке тұлғаларға – 7 АЕК (30 275 тг), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 10 АЕК (43 250 тг), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК (64 875 тг), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 20 АЕК (86 500 тг), мөлшерiнде айыппұл салынады.
- Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет үшін жеке тұлғаларға – 10 АЕК (43 250 тг), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 15 АЕК (64 875 тг), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20 АЕК (86 500 тг), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 30 АЕК (129 750 тг) мөлшерiнде айыппұл салынады.
- Газ тұтыну жүйесіне тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді өз бетінше қайта қосу – жеке тұлғаларға – 10 АЕК (43 250 тг), шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 20 АЕК (86 500 тг), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 30 АЕК (129 750 тг) , iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100 АЕК (432 500 тг) мөлшерiнде айыппұл арқалайды.
- Газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасында белгіленген, тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелерін және газ жабдығын қоспағанда, газбен жабдықтау жүйелерінің объектілерін пайдалану қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды бұзуғаны үшін шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi – 25 АЕК (108 125 АЕК), орта кәсiпкерлiк субъектiлерi – 50 АЕК (216 250 тг), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi 200 АЕК (865 000 тг) мөлшерiнде айыппұл төлейді.
- Осы баптың төртiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекет – шағын кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 50 АЕК (216 250 тг), орта кәсiпкерлiк субъектiлерiне – 100 АЕК (432 500 тг), iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiне 400 АЕК (1 730 000 тг) айыппұл арқалайды.
Сондай-ақ Астана қаласы Газ инспекциясы және көтергіш құрылымдарды бақылау бөлімінің жетекші маманы Жарқынбек Мейірбекұлы екі қабаттан асатын көпқабатты тұрғын үйде газ баллонын ұстауға заңмен тыйым салынатынын атап өтті.
Көпқабатты тұрғын-үйде газ баллонын ұстау фактісін білсеңіз, бей-жай қалмаңыз. Әкімшілік құқық бұзушылық фактісін көрсете отырып, жазбаша өтініш жазыңыз. Өтінішті тұрғын үй инспекциясына тапсырыңыз. Содан кейін мамандар әкімшілік шара қолданып, тексеруді бастайды, – деп жауап берді маман

