Жаңалықтар

Тұрғын үй сертификаттарын енді онлайн алуға болады

Тұрғын үй сертификаттарын енді онлайн алуға болады
Фото: pixabay.com 24.10.2024 13:32 363

Енді түрғын үй сертификаттарын онлайн алуға болады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификаты тұрғын үйге мұқтаж және табыс деңгейі жеткіліксіз отбасыларға беріледі. Сертификат алуға арналған тиісті онлайн-қызмет eGov.kz порталында қолжетімді болды. Бұл туралы "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Сертификат ҚР Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама немесе мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алынған жағдайда беріледі. Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының мөлшері мен тізбесін жергілікті атқарушы органдар айқындайды.

Тұрғын үй сертификаты келесі жағдайларда әлеуметтік көмек ретінде ұсынылады:

  • өтініш берушіде және онымен тұрақты тұратын отбасы мүшелерінде (жұбайы мен кәмелетке толмаған балаларының) соңғы 6 айдағы орташа табысы еңбек және/немесе кәсіпкерлік қызметтен белгіленген шектен аспаса;
  • орташа табыс зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығын және басқа да міндетті аударымдарды есепке алмайды;
  • 23 жасқа дейінгі білім беру мекемелерінде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалар қарауға енгізіледі.
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға