Жаңалықтар

Тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерін онлайн режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік берілді

Тұрғын үй сатып алу-сату мәмілелерін онлайн режимінде жүзеге асыруға мүмкіндік берілді
Фото: © iStock 21.11.2023 17:14 751

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин үкімет отырысында жылжымайтын мүлік бойынша онлайн мәмілелер платформасын таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жылжымайтын мүлік – отбасының негізі. Осыған орай, жылжымайтын мүлік саласындағы жаңалықтарға тоқталғым келеді. Жылжымайтын мүлікті, мысалы үйді, пәтерді немесе кеңсені сатып алу немесе сату кезінде бұрынғыдай нотариусқа немесе халыққа қызмет көрсету орталығына барудың ешқандай қажеттілігі болмайды, - деді Бағдат Мусин.

Сонымен қатар тағы бір жоба – I-Qala таныстырылды. Бүгінгі таңда жаңадан пәтер алған азамат су, жылуды және т.б. қосуға келісімшарт жасау үшін коммуналдық қызметтерге баруға мәжбүр. Мұндай ауыртпалыққа жыл сайын 700 мыңнан астам адам тап болады, оны шешуге азаматтар 30 күнге дейін уақыт жұмсаған. Қазіргі уақытта Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жеңілдетілген формат енгізіп жатыр.

Министрдің айтуынша, мұндай онлайн қызмет Blockchain технологиялары мен биометриялық сәйкестендіру арқылы көрсетіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға