Иранның Тегеран провинциясына қарасты Гийамдашт қаласында бүгін таңғы сағат 03:34 шамасында тұрғын үй ғимараты құлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы "Еркін Иран" Telegram-арнасы мәлімдеді.
Алынған мәліметтерге сәйкес, қайғылы оқиға салдарынан үш адам қаза тауып, бір адам жарақат алған. Қазіргі уақытта құлаған үйдің қирандыларын тазарту жұмыстары жалғасуда. Жараланғандар мен қаза тапқандардың санының өсуі мүмкін деген болжам бар.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

