Жаңалықтар

Турды қалай тиімді сатып алған дұрыс?

Тиімді демалысты таңдау тәсілі
15.02.2016 11:58 4246

Турды қалай тиімді сатып алған дұрыс?

Демалыс алып, шетелге қыдырып қайтуды армандамайтын адам кемі-кем. Статистика бойынша қазақстандықтар демалуға көбіне Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері және бірқатар Еуропа мемлекеттеріне барғанды жөн санайды. Ал, демалушыларға дайын турлар ұсынатын туристік компаниялар, өздерінің тиімді ұсыныстарымен қызықтырады.  Ғаламторда «Еуропаға 1 апта демалыс 300 доллар», - деген секілді сан түрлі жарнаманы байқаған боларсыз? Олардың ішінде шын мәнінде өте тиімді ұсыныстар болуы мүмкін. Дегенмен, арзан турға қызығып алданып қалмас үшін, бірнеше ережені есте сақтаған жөн.  

2007 жылғы санақ бойынша елімізде 756 туристік компания тіркелген.

Турды қалай тиімді сатып алған дұрыс?

Кімге сенеміз?

Тиімді тур сатып алудың екі әдісі бар:

  1. Демалысты алдын-ала жоспарлау. Жазғы демалыс турларын қыста алу, немесе қысқы демалысты жазда алу – өте тиімді. Бұл ережені сақтасаңыз – ақшаңызды екі есе үнемдейсіз. «Жұмыстарыңызды ретке келтіру», «виза ашу» секілді мәселелерді асықпай жүріп тындыра аласыз.
  2. Екіншісі біріншісіне мүлдем қарама-қайшы. Ол – тиімді турлар. (горящие туры) Бұл жағдайда ұзақ ойлануға уақыт жоқ. Киімдеріңіз бен құжаттарыңыз дайын, кез-келген уақытта жолға шығуға дайын болуыңыз қажет. Асығыс шыққандықтан, жақсы қонақүй мен сапалы қызмет болуы 50/50.

Түркиядағы арзан қонақүй

Туристік компания сенімді, туризм саласында ұзақ жыл сапалы қызмет көрсетіп келе жатқан болуын қадағалаңыз.

Неден аулақ болу керек?

Жоғарыда жазылған «тиімді турлар» туристер келмейтін маусымда шығады. Ол бірінші кезекте – туроператорларға тиімді. Осының арқасында олар «өлі маусымда» шығындарын толтырады. Ал егер маусым кезінде мұндай ұсыныстарды байқасаңыз – ондай турлардан бас тартқан дұрыс. Бұл көбінесе клиентті тарту мақсатында қолданылған тәсіл болуы ықтимал. Шын мәніне келгенде, өзіңіз ойлаған сомадан әлде қайда көбірек шығындануыңыз мүмкін. Дегенмен, кейде туристік компаниялар клиенттері сатып алған турдан бас тартқан жағдайда арзан бағамен жылдам сатуға мәжбүр болады. Сатып алайын деп жатқан тур неліктен арзан екінін туристік компаниядан егжей-тегжейімен сұрап алған жөн.  

Қалай болғанда да өз бетіңізбен саяхатқа шығам десеңіз көбірек ақша жұсайтыныңыз анық. Бірақ, мұның өз артықшылығы да бар. Сіз ешқандай туроператорға тәуелді болмайсыз. Демалыстың қай түрін пайдалансаңыз да, баратын еліңіз, орналасатын қонақүйіңіз туралы ғаламтордан пікірлерді оқып, толық ақпарат жинап барғаныңыз дұрыс.


 Рүстем ӘЛПИ 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға