Жаңалықтар

Тұрақты өкіл Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияға сенім грамотасын тапсырды

Тұрақты өкіл Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академияға сенім грамотасын тапсырды
Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі 19.09.2023 21:47 539

Қазақстан Республикасының Венадағы халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі Мұхтар Тілеуберді Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы академиясы ректорының міндетін атқарушы Ярослав Петрушевичке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сұхбат барысында Ярослав Петрушевич Қазақстанмен табысты ынтымақтастықты атап өтіп, болашақтағы өзара әрекеттестік перспективаларымен бөлісіп, Қазақстан Үкіметіне Академия қызметін қолдап жүргені үшін алғысын білдірді.

Тұрақты өкіл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында қамтылған еліміздің даму басымдықтары туралы егжей-тегжейлі хабарлап, академиямен тиімді ынтымақтастықты тереңдету ниеті барын жеткізді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға