Жаңалықтар

Тұқыммен қамтамасыз ету өткір мәселе болып отыр - Әбілқайыр Тамабек

Тұқыммен қамтамасыз ету өткір мәселе болып отыр - Әбілқайыр Тамабек
Фото: © Pixabay.com 19.09.2023 18:42 2726

Вице-министрдің айтуынша, жиналатын өнімнің сапасының төмендігіне байланысты тұқыммен қамтамасыз ету мәселесі өткір болып тұр.

Осыған байланысты «Азық-түлік корпорациясы» тұқым қорын қалыптастыру мақсатында қолда бар астық қорларының тұқым ретінде пайдалануға жарамдылығына сараптама жүргізуді бастады. Тұқымның өнгіштігі, тазалығы және басқа да параметрлері бойынша сәйкес келетін астық бөлек жиналады. Мұндай астық облыстардың өтінімдері бойынша егіс жұмыстарын жүргізу кезінде фермерлерге тауарлық кредит ретінде берілетін болады, - деді ол.

Сондай-ақ «Азық-түлік корпорациясының» желісі бойынша фермерлер өсірілген егінді жинап, кептіре алмайтындығына байланысты астықты жеткізу мерзімі ағымдағы жылғы 1 қазаннан 1 қарашаға дейін ұзартылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға