Жаңалықтар

Тунгусстық метеорит

Тунгусстық метеориттің тарихы сонау 1908 жылдың 30 мамырынан бастау алған.
30.06.2014 10:29 3595

Тунгусстық метеориттің тарихы сонау 1908 жылдың 30 мамырынан бастау алған. Шығыс Сібір аумағының Лена және Тунгусс көлдері арасында күнге ұқсас жарық заттың жарылып бірнеше жүздеген километрге дейін шашылғанын жұрт айқын көрген. Кейіннен оны «Тунгусстық меторит» деп атап кеткен көрінеді. Жарылыс даусы мыңдаған километр радиуста жаңғырған екен. Құпия жарық - өз қозғалысын тайга бойындағы 5-10 километр биіктікте жарылып тоқтатқан.

Тунгусстық метеорит

Дүлей жарылыстың әсерінен 40 км радиуста орналасқан орман түгелімен дерлік күлге айналған. Жануар атаулысы қырылып,  біршама адам зардап шеккен. Жарылыс уақытында қатты ұшқын туғаны соншалық, орманды өрт қаптаған. Дәл сол жағдай ауданның қаусап қалуына себепкер болған деседі. Аталмыш оқиғадан соң, сол аумақта түсініксіз жағдайлар жиі орын ала бастаған. Жарық құбылыстар пайда болып, нәтижесінде « 1908 жылдың Жарық жазды түндері» деген атауды иеленген. Мұндай эффект 80 км кеңістікте орын алған жағдайдан соң анықталған. Олар күн сәулесін беріп, «Түнгі жарық» атауына ие болды. 30 мамыр күні ол аумақта түн сол бойы орнамады. Айналаның жарық болғаны соншалық, кітап оқуға боларлық деңгейде болды.  Бұндай құбылыс бірнеше түндер бойы анықталды.

Метеориттің дәл осы аймаққа құлап жарылуының салдарынан жасыл тайганы өлі аумаққа айналдырып жіберді. Аталмыш оқиғаның себебі анықталғанда, нәтижесі жаға ұстатарлықтай болды. Тунгусс метеоритінің жарылыс энергиясы 10-40 мегатонна тратилді эквивалентті құрады. Ол- Хиросимаға 1945 жылы тасталған 2000 жарылғыш бомбаның көлемімен бірдей.  Көпшілігіне кейінірек қана ағаштардың өсу қарқыны байқала бастады. Мұндай өзгерістер радиоцонды қалдықтардың әсерінен деген хабар бар.

Тунгусстық метеорит – қалыптасу қағидасы.  Әлі күнге дейін Тунгусстық метеориттің құпиясы ашылған емес. Тек өткен ғасырдың 20 жылдарынан бастап қана осы мәселе бойынша зерттеу жұмыстары жасалына бастады. АН СССР-дің тапсырмасы бойынша минеролог Леонид Куликтің бастауымен 4 экспедициялық топ бағытталды. Тіпті бір ғасырлық оқиға себептерін де анықтау оңайға соқпай тұр. 

Кейбіреулері батпақ газының жарылуымен болжамдады. Енді бірі - өзгеғаламшарлық кеменің құлауы деп түсіндіреді.  «Марстағы метеориттің бір бөлігі жерге құлаған»,- дейді кей біреуі. Жүздеген болжамдар мен ережелер жазылды. Американдық физиктер Майкл Риан және Альберт Джексон : - «Біздің планета – «қара үңгірмен» соқтығысты» деп болжам жасады. Ал кейбір ғалымдардың тұжырымдамасы бойынша, бұл құбылыс – күннің бір бөлшегінен ұшып келген зат екенін айтады.     

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға