Алматының түнгі клубында ұсталған жігіт есірткі таратқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды El.kz aқпарат агенттігі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.
Былтыр қыркүйек айында түнгі клубта синтетикалық есірткі сатып жүрген 27 жастағы жігіт ұсталған болатын.
Тінту кезінде ақ түсті синтетикалық ұнтақ салынған түйіншек табылды. Барлығы сот-химиялық сараптамаға жіберілді. Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 297-бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша іс қозғалды.
Ұсталған жігіт жақында 28-ге толды. Сотта ол Қылмыстық кодекстің 297-бабы, 3-бөлігінің 6-тармағы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу, қоғамдық орында жасалған іс-әрекеттер) бойынша кінәлі деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

