Жаңалықтар

Түнде серуендеп жүрген Тұрлыхановтың ұлы жазаланбайтын болды

Түнде серуендеп жүрген Тұрлыхановтың ұлы жазаланбайтын болды
Фото: видеодан алынған кадр 14.08.2024 17:00 446

Шартты мерзімге сотталған Дәулет Тұрлыхановтың ұлы түнгі серуен үшін жазаланбайтын болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

ІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) баспасөз қызметінде сотталған адамға қатысты үкім 14 тамызда пробация қызметіне (тіркелген жері бойынша) орындауға түскенін хабарлады.

Заңнамаға сәйкес пробациялық бақылау сотталған адамды есепке алған сәттен бастап жүзеге асырылады, - деп түсіндірді ҚАЖК.

Бұған дейін Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат сот үкімін орындамай, түнде қала ішінде еркін серуендеп жүргенін жазған едік.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға