Жаңалықтар

Түнде беймезгіл жүрген баласын қадағаламаған қостанайлық ата-аналар жауапқа тартылды

Түнде беймезгіл жүрген баласын қадағаламаған қостанайлық ата-аналар жауапқа тартылды
Фото: Қостанай облыстық ПД баспасөз қызметі 18.07.2023 14:30 838

«Түнгі қаладағы балалар» жедел алдын-алу шарасын өткізу барысында Қостанай облысында мас күйде 2 кәмелетке толмаған бала анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

«Түнгі қаладағы балалар» республикалық жедел алдын-алу шарасының бірінші күнінде ювеналды полицейлер Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабы бойынша (Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінсіз сағат 23:00-ден кейін тұрғылықты үйден тыс жерде болуына жол беру) 56 заңды өкілді жауапқа тартты. Сондай-ақ, «Ата-аналардың тәрбие жөніндегі және кәмелетке толмағандарды оқыту міндеттерін орындамау» бабына сай, балалардың 8 заңды өкіліне айыппұл салынды. Бұған қоса жедел алдын алу шарасы аясында мас күйінде 2 кәмелетке толмаған бала анықталды, - деп мәлім етті Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Жергілікті құқық қорғау органының мәліметінше, бір күн ішінде 15 тұрмысы нашар отбасы мен 19 кәмелетке толмағандар анықталып, олар профилактикалық есепке қойылған.

Айта кетейік, «Түнгі қаладағы балалар» шарасын өткізуге өңір бойынша 430 полиция қызметкері, 46 білім беру, 18 денсаулық сақтау және 22 жергілікті атқарушы орган өкілдері жұмылдырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға