Жаңалықтар

«Түн ортасында шақыра алмайды». Жедел-жәрдем қызметінің уақыты бекітіледі

«Түн ортасында шақыра алмайды». Жедел-жәрдем қызметінің уақыты бекітіледі
Фото: ©El.kz/Артем ЧУРСИНОВ 25.09.2024 16:29 491

Жедел медициналық көмектің қолжетімділігін жақсарту мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі жедел медициналық, оның ішінде медициналық авиацияны тарта отырып көмек көрсету қағидаларына өзгерістер енгізу жөніндегі бұйрықтың жобасын әзірледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жобада ҚР Еңбек Кодексіне сәйкес МСАК жұмыс уақытында ғана МСАК ұйымына 4 санаттағы шұғыл шақыруларды беру көзделген.

Сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін шақыруларға қызмет көрсетуді (жеделдіктің 4 санаты) МСАК ұйымдарының мобильдік бригадалары жүзеге асыратын болады. Сондай-ақ, жоба МСАК ұйымдары меншік нысанына және тіркелген халықтың санына қарамастан, олардың жұмыс уақытында шақыруларға қызмет көрсету үшін мобильді бригадалар құруы тиіс екенін көздейді, - делінген құжатта.

Бұйрықтың қазіргі нұсқасында жеделдігі 4 санаттағы бригадалар 35 мың тұрғынға шаққанда 1 бригада есебінен ұйымдастырылатыны көрсетілген. Бұйрық жобасында көрсетілген мобильді бригада неғұрлым қолжетімді болу үшін 25 мың тұрғынға 1 бригада есебінен ұйымдастырылады.

Жеделдіктің 4 - санатын шақыру дегеніміз - пациенттің өмірі мен денсаулығына тікелей және ықтимал қатер болмаған кезде, ағзалар мен жүйелердің кенеттен және айқын бұзылуынсыз, жіті аурудан немесе созылмалы аурудың шиеленісуінен туындаған пациенттің жай-күйі», - делінген құжат сипаттамасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға