Тұмаудан қалай сақтанамыз?
18.01.2017 11:30
9577
Бүгін сіздерге тұмаудың алдын алатын ең қарапайым тәсілдер туралы айтамыз.
- Салқын тиіп ауырмас үшін әрқашан жылы киініп, дәрумендер ішіп, тұмаудың алғашқы белгілері байқалғаннан-ақ вирусқа қарсы дәрілер ішіңіз.
- Әдетте вирус мұрынның шырышты қабығы арқылы кіретін болғандықтан, мұрныңыздың ішкі жағына оксолин, вазелин немесе арнайы бальзам жағып қойыңыз.
- Адамдар көп жиналған жерден аулақтау жүруге тырысыңыз. Қоғамдық орындарға барып келген соң, қолыңызды жақсылап жуыңыз. Аузыңызды әртүрлі емдік шөптердің тұнбасымен, ал, мұрныңызды тұзды сумен шайыңыз. Сыртта жүргенде бет, көз, ерін, мұрныңызды ұстамағаныңыз абзал. Өйткені, қолыңызда әлдекімнен жұққан микробтар болуы мүмкін.
- Бөлмені жиі желдетіп тұрыңыз. Себебі, тұмау таза ауадан «қорқады».
- Сіз осы ережелердің бәрін сақтаған күннің өзінде жаныңда жүрген адамдар тұмауратып жүрсе не істеу керек? Мүмкіндігінше тұмауратып жүрген адаммен ұзақ сөйлеспеуге тырысыңыз. Өзіңізбен бірге самырсын, жусан майлары сіңген беторамал алып жүріңіз. Олар микробтарды өлтіруге көмектеседі.
Тұмауға шалдықпас үшін не жеген дұрыс?
- Аскорбин және лимон қышқылы. Бұлар лимон, апельсин, мандариннің құрамында кездеседі. Егер, цитрустық жемістерге аллергияңыз болса, оның орнына алма және т.б. жемістерден дайындалған сусындар ішіңіз.
- Сұлы, күріш және қарақұмық жармасын жеңіз. Олардың құрамында селен бар.
- Жаңғақ Е дәрумені, марганец, мырыш және мысқа бай. Сондай-ақ, Е дәрумені жүгері және өсімдік майының құрамында кездеседі.
- Йод (теңіз балығы мен теңіз орамжапырағының құрамында кездеседі).
- Фитонцидтер (шикі пияз бен сарымсақтың құрамында бар).
- Жоғарыдағы әдістердің барлығын қолданған күннің өзінде өзіңізді жайсыз сезінсеңіз, жатар алдында бал қосылған ыстық сүт ішіңіз.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстандық биопакеттер қалай жасалады?
Келесі жаңалық
Астанадан 54 мың текше метрден астам қар шығарылды