Жаңалықтар

«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды

«Тұмар-2023» Ұлттық сыйлығының жеңімпаздары жарияланды
04.07.2023 20:00 1189

«Тұмар-2023» Ұлттық телевизиялық сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды. Биыл «Тұмар» Ұлттық бәйгесіне - 7 жыл. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі.

Сыйлыққа қатысу үшін 12 номинация бойынша 300-ге жуық өтінім келіп түсті. Шорт-листке 48 жұмыс енді. Жеңімпаздар әділқазылар мүшелерінің жабық дауыс беруі арқылы анықталды.

Үздік деректі фильм

«Абайдың соңғы күндері» – «Хабар»  телғарнасы

Үздік әлеуметтік жоба

«Жанашыр» – «Жетісу» телеарнасы 

Үздік аналитикалық бағдарлама

«Apta» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы    Үздік ток-шоу

«1001 түн» – «Qazaqstan» ұлттық телеарнасы     

Үздік аймақтық телеарна

«Caspian News» – Атырау қ. 

Үздік тележурналист

Әйгерім Мұздыбаева – «Евразия»

Бірінші арнасы

Үздік журналистік зерттеу

«Арнайы репортаж» – «Хабар 24» телеарнасы

Үздік анимациялық фильм

«Дәрігер Дана» – «Rio Production»

Үздік спорт комментаторы

Есей Жеңісұлы – «Qazsport» телеарнасы

Арнайы жүлде «31 арна» телеарнасына отандық телевизиялық саланың дамуына қосқан үлесі үшін табысталды.

Үздік тележүргізуші

Светлана Булатова – «КТК» телеарнасы

Еркін Байғабылұлы  – «Хабар 24» телеарнасы

Биыл алғаш рет «Үздік спорт комментаторы» және «Үздік анимациялық фильм» номинациялары бойынша журналистер өз бағын сынады.

Жеңімпаздар телевизиялық өнер саласындағы ең жоғары жетістіктері үшін «Тұмар» мүсіншесінің және 1 миллион теңге көлеміндегі қаржылай сыйақының иегері атанды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға