Жаңалықтар

Тұман, жел: 25 наурызға арналған ауа райы болжамы

Тұман, жел: 25 наурызға арналған ауа райы болжамы
Фото: ©Pixabay.com 24.03.2024 17:32 880

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Атырау облысы

25 наурыз түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Ұлытау облысы

25 наурызда түнде және таңертең Ұлытау облысының шығысында, орталығында тұман күтіледі.

Қарағанды облысы

25 наурызда Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі

Маңғыстау облысы

25 наурызда түнде және таңертең Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

Ақмола облысы

25 наурызда түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, батысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, шығысында, батысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 25 наурызда оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с күтіледі.

Қызылорда облысы

25 наурызда Қызылорда облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысы

25 наурызда түнде Солтүстік Қазақстан облысының облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жауын-шашын (жаңбыр қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с, күндіз облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с. Петропавл қ.: 25 наурызда түнде аздаған жауын-шашын (жаңбыр қар), көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.

Қостанай облысы

25 наурызда түнде Қостанай облысының оңтүстігінде көктайғақ күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысы

25 наурызда түнде және таңертең Ақтөбе облысының батысында солтүстігінде, орталығында тұман күтіледі.

Ақтөбе. қ: 25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі

Астана

Астана қ.: 25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Батыс Қазақстан облысы

25 наурызда Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі.

Орал қ.: 25 наурызда түнде және таңертең тұман күтіледі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға