Ашық дереккөзден

"Тұман, шаңды дауыл": бүгін ел аумағында ауа райы қалай құбылады

25.09.2025 06:37

Бүгін еліміздің батысында, солтүстік-батыста және солтүстікте найзағаймен бірге жаңбыр жауады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Республика бойынша желдің күшеюі болжанады, оңтүстікте – шаңды дауылдар, ал оңтүстік және шығыс өңірлерде түнде және таңертең – тұман. Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында 1 градус үсік күтіледі. Қазақстанның 15 облысында 25 қыркүйекке дауылды ескерту жарияланды.

Шымкентте бұлтты, жаңбыр, найзағай, жел 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°C, күндіз +27…+29°C.

Алматыда ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, жел 3-8 м/с. Температура түнде +10+12°C, күндіз +20+22°C.

Астанада ауыспалы бұлттылық, жауын-шашынсыз, жел 7-12 м/с. Ауа температурасы түнде +11+13°C, күндіз +26+28°C.