«Тұман, көктайғақ, жел». Қарашаның соңғы күндері ауа райы қандай болады
Фото: © АО "Казконтент"
Фото: © АО "Казконтент"
27.11.2023 17:04
1754
Алдағы күндері Қазақстан аумағына Қара теңіз аудандарынан циклон келеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
28 қарашада батыс өңірлерде, 29 қарашада солтүстік, орталық және оңтүстік аймақтарда, 30 қарашада еліміздің көп бөлігінде жаңбыр мен қар жауады.
Сондай-ақ тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі.
28 және 30 қарашада солтүстік аймақтарда жел екпіні 23-28 м/с дейін жетіп, бұрқасын болуы ықтимал. Оның әсері әсіресе, оңтүстік аймақтардың тұрғындарына білінеді.
Бұған дейін күн жылы болған бұл аймақтарда қатты жауын-шашын болады.
Таулы аймақтарда жаңбырдың соңы қарға ұласады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
2025 жылдың 1-4 қаңтары демалыс күндері болып белгіленді