Жаңалықтар

Түлектер үшін соңғы мүмкіндік болған тамыз ҰБТ аяқталды

Түлектер үшін соңғы мүмкіндік болған тамыз ҰБТ аяқталды
Фото: gov.kz 16.08.2023 18:41 1018

Шекті балл жинай алмаған талапкерлер үшін тамыз айындағы Ұлттық бірыңғай тестілеу өз мәресіне жетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Тамыздағы сынаққа қатысуға 15 мыңнан астам талапкер өтініш білдірген. Олардың 65 пайыздан астамы қазақ тілінде, 34 пайызы орыс тілінде және 0,29 пайызы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.

Cынақ қорытындысы бойынша 8 мың үміткер шекті балл жинады. Бұл тестілеуге қатысушылардың жалпы санының 56 пайызын құрайды. ҰБТ-ның орташа балы 55 балды құрады. Ең жоғары нәтиже 125 балдық межені көрсетті. Енді тамыздағы ҰБТ сертификатымен талапкерлер жоғары оқу орындарына ақылы негізде оқуға түсе алады. Осы орайда айта кетейін, тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоғары оқу орындарына ақылы негізде түсуі үшін өткізіледі, - деп жазды Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.


Ал барлық бес ҰБТ-ның қорытындысы бойынша шекті балл жинай алмаған талапкерлерге ЖОО-ға шартты түрде ақылы негізде оқуға түсу мүмкіндігі беріледі. Ары қарай олар 2024 жылғы қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ-сына қатысып, ЖОО-да оқуын жалғастыру үшін қажетті шекті балын жинай алады.

Сондай-ақ жоғары оқу орындарында ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға