Мадагаскар астанасы Антананаривуда туған күн кешінде тамақтан уланған 17 адам қайтыс болды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Салтанатты кеш аптаның басында болған. HJRA Ampefiloha ауруханасының мәлімдеуінше, содан бері көз жұмғандар саны артып, бүгінд 17 адамға жеткен, тағы 13 адамның жағдайы ауыр.
Ұлттық полиция мен жандармерия бұл оқиға бойынша бірлескен тергеу жүргізіп жатыр.
Денсаулық сақтау министрлігі тағам үлгілерін зертханалық талдау әлі де жалғасып жатқанын хабарлады. Дүйсенбі күні Имеринкасинина ауданындағы ойын-сауық орталығында өткен туған күн кешіне қатысқан 43 адам тамақтан уланған. Солардың ішінде 12 адам сол сәтте көз жұмған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

