«Туған жер» музыкалды-сазды кездесуі ұйымдастырылды
«Северо-Казахстанский областной польский культурный центр «Коперник» қоғамдық бірлестігі өз қызметінде мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдармен тығыз байланыста жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың 16 тамызда Петропавл қаласының Достық үйінде ардагер Журналистер кеңесімен бірлесе Астана күніне арналған «Туған жер» музыкалды-сазды кездесуі ұйымдастырылды. Ең алдымен бұл іс-шара Петропавл қаласының шығармашылық зиялыларының бірі-бірімен араласуына, мәдени байланысты нығайтуға, адамның рухани дамуы үшін маңызды сала ретінде өнерді насихаттауға бағытталған.
Осыдан басқа кездесудің басты тақырыбы біздің Отанымыз Астана қаласының 20 жылдығына арналды. Міне сондықтан, бірінші сөз сөйлеу Астанаға арналды: оның сұлулығына, айрықшалығына және қонақжайлылығына. «Астана» атты әнді оның авторы В. Денисенко ұсынды.
Астана туралы тұсаукесер бейнеролигінің ілесуімен «Астана» өлеңін №17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешенінің мектепке дейінгі поляк тобының оқушысы Каролина Тябус оқыды.
Ринат Дусумов, Астана қаласының тұрғыны, «Коперник» Солтүстік Қазақстан облыстық поляк орталығының жұмысына белсене қатысады. Осы кездесу аясында ол поляк тілінде «Szla dzieweczka do laseczka» әнін орындады.
«Алуа» және «Қуанамын» шығармашылық ұжымдарымен би композициялары ұсынылды.
Кештің шығармашылық бағдарламасының айрықша қонағы болып Сергей Климушин — Вроцлав университетінің студенті табылды, №17 ұлттық жаңғыру орта мектеп-кешенінің «Pokolenie» вокалды-би ансамблінің солисті, әншісі. Ол «Мазурэчка» әнін орындады.
Журналист еңбегі — айрықша. Өз жұмыстарына жанын салумен, оның өзі рухани дамиды және өз әлеміне оқырмандарды тартады. Журналист – дегеніміз суретші, және ақын, және жазушы, ол өзіне ең үздік шығармашылық қасиеттерді топтастырады. Сондықтан музыкалды-сазды кездесу аясында граматоалармен, қазақстандықтар үшін еңбектері айрықа болған журналистер марапатталды.