12 Желтоқсан 2025, 16:40

Цифрлық құқықбұзушылық: кім, қалай және не үшін шабуыл жасайды?

«Заң және тәртіп» - қоғамдағы өзекті құқықтық мәселелерді терең талдайтын подкаст. Бүгінгі шығарылымда біз заманауи өмірдің ажырамас бөлігіне айналған цифрлық қауіпсіздік мәселесін сөз еттік. Инновациялық технологиялардың, онлайн сервистердің, мобильді қосымшалар мен әлеуметтік желілердің дамуы азаматтардың өмірін жеңілдеткенімен, интернеттегі қауіптер мен цифрлық қылмыстардың көлемін де ұлғайтып отыр. Бағдарлама қонағы заңгер Думан Көпбаев цифрлық кеңістікте жиі кездесетін құқық бұзушылықтар, интернеттегі алаяқтық әдістері, фейк хабарламалар, аккаунт бұзу, деректерді ұрлау, банк карталарына қол сұғу және зиянды бағдарламалар жайлы кеңінен түсіндірді. Подкаст барысында ҚР Қылмыстық кодексіндегі киберқылмысқа қатысты баптар талданып, азаматтардың цифрлық құқықтарын қалай қорғау керектігі нақты мысалдармен көрсетілді. Заңгер онлайн ортада қауіпсіз болудың негізгі қағидаларын, күдікті әрекеттерді тану тәсілдерін, жеке деректерді сақтау мен қорғау жолдарын, сондай-ақ пароль саясаты, екі факторлы аутентификация жайлы ой қозғайды.