Жаңалықтар

Цифрлық даму министрі Францияда қамауға алынған Дуровқа қолдау білдірді

Цифрлық даму министрі Францияда қамауға алынған Дуровқа қолдау білдірді
Фото: facebook.com/Zhaslan Madiyev 25.08.2024 17:13 531

Жаслан Мәдиев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровтың қамауға алынғаны туралы жазып, оған қолдау білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министр өзінің Facebook желісіндегі парақшасында Дуровтың қазақстандық балаларға көмек көрсеткені туралы да тілге тиек еткен.

Мен Павел Дуровқа және Telegram командасына соңғы оқиғаларға байланысты қолдауымды білдіргім келеді.

Павел Дуров Қазақстанға өткен сапарында қазақстандық ауыл балаларына қолдау көрсетуге бағытталған «IQanat» жобасының қамқоршыларының бірі болып, $365 000 сомасына 12 грант бөлді. Ол тек қаржы бөлумен шектелмей, оқу процесін зерттеуге, балаларды іріктеуге, олардың өмірбаяны мен мектептегі үлгерімін зерделеуге тікелей қатысты.

Мен Павелдің командасына балалардың дамуына шын көңілмен қызығушылық танытып, жанашырлық танытқаны үшін ризамын.

Аталған жағдайдың тезірек шешілуіне үміттенеміз, - деп жазды министр.

Естеріңізде болса, Дуров француз билігімен контент модерациясының жоқтығы және құқық қорғау органдарымен ынтымақтастықтан бас тартқаны үшін ұсталған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға