Жаңалықтар

Тренинг орталығында медициналық алғашқы көмек көрсетуді үйренуге болады

Тренинг орталығында медициналық алғашқы көмек көрсетуді үйренуге болады
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі 09.09.2023 20:55 3945

Бүгін, қыркүйектің екінші сенбісінде Дүниежүзілік медициналық алғашқы көмек көрсету күні атап өтіледі, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, ведомство НҚА негізінде алғашқы көмек стандарттарына оқыту қағидаларын, сондай-ақ медициналық білімі жоқ адамдарға алғашқы көмек көрсету жөніндегі іс-шараларға қойылатын талаптарды белгілейді. Алғашқы көмек және алғашқы көмек бойынша сертификатталған жаттықтырушы ұғымдарына анықтама берілді, алғашқы көмек курстарынан міндетті түрде өтуге жататын медициналық білімі жоқ адамдардың контингенті және оларды оқытудың кезеңділігі анықталды.

Бекітілген ережелерге сәйкес, оқыту тиісті лицензиясы бар мамандандырылған оқу орталықтарында жүргізілуі керек немесе жұмыс беруші көшпелі оқу циклін ұйымдастырады.Медициналық білімі жоқ адамдарды алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқытуды алғашқы көмек бойынша сертификатталған жаттықтырушы жүзеге асырады және бекітілген симуляциялық жабдықтар тізбесін пайдалана отырып, теориялық дайындық және практикалық сабақтар нысанында жүргізілуі тиіс.

Тренинг орталығында медициналық алғашқы көмек көрсетуді үйренуге болады

Алғашқы көмек есінен тану, тыныс алу мен қан айналымының тоқтауы, сыртқы қан кету, жоғарғы тыныс жолдарының бөгде денелері, дененің әртүрлі аймақтарының жарақаттары, күйіктер, жоғары температураның әсер ету әсерлері, жылу сәулеленуі, үсік шалу және төмен температураның әсер етуінің басқа әсерлері, улану, құрысулар, шағулар жағдайында көрсетіледі.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының азаматтарын алғашқы көмек көрсету дағдыларына оқыту үшін сертификатталған жаттықтырушылар даярлауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау ұйымдарына қойылатын талаптарды әзірледі.

Тренинг орталығында медициналық алғашқы көмек көрсетуді үйренуге болады

ҰШМҮО-ның базасында 2017 жылдан бастап Оқу-тренингтік орталық жемісті  жұмыс істейді, оның мақсаты медициналық авиация қызметінің қызметкерлері, жедел және шұғыл медициналық көмек қызметкерлері, сондай-ақ шұғыл медициналық көмек көрсетудің халықаралық стандарттарына оқытуға жататын адамдар үшін шұғыл жағдайларды оқыту және пысықтау болып саналады.

Барлық қызмет кезеңінде, өткен 6 жылдың ішінде Оқу-тренинг орталығы 24 892 адамды оқытуды өткізді. Олар сондай-ақ халықаралық стандарттар бойынша стационарлық көмек көрсететін жедел медициналық жәрдем,  медициналық-санитариялық алғашқы көмек жанындағы жедел медициналық жәрдем бөлімшелерінің және медициналық ұйымдардың қабылдау бөлімшелерінің мамандары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға