Жаңалықтар

Трансвеститтер шоуына барған қызылордалық екі мұғалім сотта жеңіліп қалды

Трансвеститтер шоуына барған қызылордалық екі мұғалім сотта жеңіліп қалды
Фото: ©El.kz/Бауыржан Жуасбае 28.06.2024 10:46 628

Қызылорда облысында екі мұғалім мектеп директорының үстіне «қысыммен жұмыстан шығарды» деп арыз түсіріп, сотта жеңіліп қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, былтыр әлеуметтік желіде екі мұғалімнің Ыстамбұлдағы түнгі клубта трансвеститтер шоуында жүрген видеосы желіде тарап кеткен. Бұл жайт қызу талқыланып, қармақшылық екі мұғалім желідегі жұрттың және білім саласы басшыларының сынынан соң жұмыстан кеткен болатын.

Қызылорда облыстық сотының мәліметінше, жауапкердің әрекетінен талап қоюшыларға қандай да бір зиян келгені анықталмаған. Сондай-ақ олар мектеп басшысы қысым жасағанын, одан жан азабын тартқанын растайтын дәлел ұсына алмаған.

Ақерке Жұмабаева мен Фатима Ысқақова сот шешіміне келіспейді, олар апелляция алқасына шағым жазатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға