«Трансгендер» деп айыпталған екі боксшы қыз финалға шықты
08.08.2024 13:53
Фото:
Коллаж El.kz
Париж олимпиадасында ең қызу талқыға түскен екі боксшы қыз финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
57 келіде өнер көрсететін тайваньдық Линь Юйтин төртжылдықтың финалында бокстасады. Жартылай финалда Юйтин түркиялық қарсыласы Эсра Йылдызды 5:0 есебімен жеңді. Енді ол алтынға таласады.
Бұған дейін 66 келідегі алжирлік боксшы Иман Хелиф те финалға жолдама алған болатын.
Бұл екі боксшы да жұрттың ерекше назарына ілікті. Мұның алдында екеуі де гендерлік талаптарды бұзды деген себеппен жарыстардан шеттетілген. Өйткені екеуінің де тестостероны тым жоғары болған. Сол үшін тіпті оларға «жынысын ауыстырды» деген айып та тағылды. Дегенмен ХОК оны жоққа шығарды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

