Getty Images

Трампқа үшінші мерзімге сайлауға түсуге тыйым салынды

30.10.2025 04:31

АҚШ президенті Дональд Трампқа үшінші мерзімге сайлануға үкімет тарапынан тыйым салынды. Бұл туралы америкалық көшбасшы Оңтүстік Кореяға бара жатқан жолда журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Егер сіз бұл ережені оқып шықсаңыз, менің үшінші рет сайлауға түсуіме рұқсат берілмейтінін түсінесіз. Бұл өте өкінішті жағдай, - деді Трамп Reuters агенттігіне.

Бұған дейін, мамыр айында Дональд Трамп өзінің үшінші мерзімге сайлауға түспейтінін айтқан болатын. Оның айтуынша, саяси мансабы екінші президенттік мерзімінен кейін аяқталады. Сондай-ақ ол президент қызметін сегіз жыл атқару - маңызды әрі жеткілікті деп есептейтінін атап өтті.

Сонымен қатар Трамп Республикалық партияның басқа да ықпалды тұлғаларын қолдайтынын жеткізді. Олардың қатарында вице-президент Джей Ди Вэнс пен мемлекеттік хатшы Марко Рубио бар. Трамп оларды өзінің әкімшілігіндегі негізгі тұлғалар ретінде сипаттады.