Жаңалықтар

Трампқа тағы қарулы шабуыл жасалды

Трампқа тағы қарулы шабуыл жасалды
Фото: nypost.com 16.09.2024 09:07 531

АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампқа тағы шабуыл жасалды, деп хабарлайдыEl.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға Флорида штатындағы гольф клубынан шығып келе жатқанда болған. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, оның аты Райан Уэсли Рут екені жазылуда.

Ол Трамптан 300-500 ярд (275-460 метр) жерде тұрды, — деп жазады Fox News.

Рауттың қолында Калашников қаруы, нысананы көздейтін құрылғысы және GoPro камерасы болған.

Ол Трамп гольф ойнап датқан кезде, қаруын тор арқылы өткізіп үлгерген. Осы сәтте құпия қызмет қаскөйді байқап, оқ атқан.

Ер адам қаруын тастай салып қашқан, көп ұзамай ол қолға түсті.

58 жастағы Райан Руттың АҚШ-тың Демократиялық партиясының мүшесі және Джо Байденнің қолдаушысы болғаны белгілі.

Трампты Twitter-де жиі сынап, тіпті бірде «сен кеткенде қуанамын» деп жазған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға