Трампқа оқ атқан жігіттің суреті тарады
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трампқа Пенсильваниядағы сайлаушылармен кездесу кезінде оқ атқан адамның суреттері тарады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
The New York Post мәліметінше, 20 жастағы Томас Мэтью Крукс - Пенсильвания тұрғыны. Ол осы штаттағы Бетел-Парк қаласының тумасы. Ол сахнадан 120 метр жерде орналасқан өндіріс мекемесінің шатырына шығып, AR қаруымен оқ атқан. Салдарынан бір адам көз жұмып, екеуі ауыр жарақат алған. Ал Трамп құлағынан жарақаттанды. Кейіннен мергеннің өзін де атып өлтірген.
Дегенмен бірнеше адам Құпия қызмет өкілдерін шатырға өрмелеп шығып бара жатқан адам туралы ескерткен, алайда олар бұл ақпаратқа мән бермеген.
Снайпердің мұндай әрекетке неге барғаны анықталуда.