Трампқа оқ атқан адамның кім екені анықталды
14.07.2024 09:36
Фото:
Видеодан алынған кадр
АҚШ президенттігіне үміткер Дональд Трамптың Пенсильваниядағы сайлауалды митингінде оған қастандық жасалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Трамп сайлаушыларының алдында сөйлеп тұрғанда бірнеше рет оқ атылып, соның бірі оның құлағына тиген. Өкінішке қарай, қаңғыған оқтан сайлауалды митингіге келген бір көрермен қайтыс болып, тағы екеуі ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген.
Трамптың өзі денсаулығы жақсы екенін жеткізді.
New York Post мәліметінше, атыс Трамп АҚШ-қа келетін заңсыз мигранттар туралы айта бастағанда болған.
Экс-президент күзетінің өкілдері оның қауіпсіз жерде екенін және тергеу басталғанын айтты. Атыс ашқан мерген өлтірілген. БАҚ өкілдері оның Пенсильванияның 20 жастағы тұрғыны екенін жазуда.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

