Трамп Ресей мен Украина президенттерінен көңілі қалғанын айтты
02.04.2025 09:35
Фото:
жасанды интеллект DALL-E-3
АҚШ президенті Дональд Трамп Украинадағы қақтығыстың «екі тарапындағы көшбасшылардан көңілі қалғанын» айтты. Бұл туралы Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Sky News дерегінше, өткен жексенбіде Дональд Трамп бейбіт келісімнің созылып кетуіне байланысты Владимир Путиннен көңілі қала бастағанын айтқан. Алайда бүгін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт оның «екі тарап көшбасшыларынан» да көңілі қалғанын жеткізді. Себебі соғыс тым ұзаққа созылып, көп адам қаза тапты.
Біздің команда Ресеймен де, Украинамен де байланыста. Ал президент бұл мәселеге күнделікті көңіл бөледі, – деп қосты Ливитт.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

