©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Трамп Путин мен Зеленскийдің кездесуін ұйымдастырудан бас тартты

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей мен Украина көшбасшылары – Владимир Путин мен Владимир Зеленский арасындағы екіжақты кездесуді ұйымдастыруға қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы The Guardian хабарлады, деп жазады El.kz интернет порталы.

Басылым дерегінше, Трамп үшжақты кездесуді (өзі, Путин және Зеленский қатысатын) тек Ресей мен Украина президенттерінің жеке келіссөздері өткеннен кейін ғана өткізуді жоспарлап отыр. Ол президенттердің кездесуін ұйымдастыруды Мәскеу мен Киевке тапсырғысы келеді.

Естеріңізде болса, бұған дейін Германия канцлері Фридрих Мерц алдағы екі апта ішінде Ресей мен Украина президенттері кездесуі мүмкін екенін айтқан еді.