©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney

Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті

18.03.2025 21:05

АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Телефонмен әңгімелесу бір сағаттан астам уақытқа созылды. Ақ үй әкімшілігі мемлекет басшылары әлі де сөйлесіп жатқанын алға тартты.

Әңгімелесу әлі де жалғасып жатыр, - делінген мәліметте.

Екі ел басшылары Украинадағы жағдайды реттеу мәселесін талқылап жатқан көрінеді.