Трамп бір күнде 5 млрд долларға байыды
02.09.2025 23:54
Фото:
©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney
АҚШ президенті Дональд Трамп World Liberty Financial (WLFI) токені іске қосылғаннан кейін бір-ақ күнде 5 миллиард доллардан астам табысқа кенелді. Бұл туралы The Wall Street Journal дерегіне сүйене отырып El.kz интернет порталы хабарлайды.
Мәліметке сәйкес, америкалық көшбасшының отбасы құрған жаңа криптовалюта биржада саудаға түскен сәттен бастап, Трамптың жағдайы оның иелігіндегі бүкіл жылжымайтын мүлік құнынан да асып түсті. Осылайша, бір күндік табыс оның бүкіл өміріндегі бизнес табысынан да жоғары болды.
Басылымның жазуынша, бұл «сауда дебюті» АҚШ президенті отбасының инаугурациядан бергі ең ірі қаржылық жетістігі болуы мүмкін.
WLFI криптожобасы бір жыл бұрын - Трамптың сайлауалды науқаны кезінде құрылған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

