Трамп әрбір америкалыққа 2 мың доллардан бермек
АҚШ президенті Дональд Трамп кедендік баж салығынан түскен қаржы есебінен аса бай адамдардан басқа елдің барлық азаматына 2 мың доллардан төлеуге уәде берді, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Бұл туралы Ақ үй басшысы Truth Social әлеуметтік желісіндегі жазбасында мәлімдеді.
Кедендік баж салығына қарсы шығатындар – ақымақтар! Біз қазір әлемдегі ең бай әрі ең беделді елге айналдық. Инфляция деңгейі нөлге тең, ал қор нарығындағы акция бағалары тарихи рекордқа жетті. АҚШ-та инвестициялар көлемі де бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті, елдің түкпір-түкпірінде жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылуда, – деп жазды Трамп.
Сонымен қатар ол импортқа салынатын баж салығы есебінен АҚШ-тың 37 триллион долларды құрайтын мемлекеттік қарызын өтеуге мүмкіндік бар екенін атап өтті.

