Трамп АҚШ-та төтенше жағдай режимін енгізді
03.04.2025 11:45
Фото:
instagram.com/whitehouse
АҚШ президенті Дональд Трамп елдегі сауда балансының тапшылығы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіргендіктен, елде төтенше жағдай режимі енгізілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шетелден әкелінетін барлық тауарға баж салығын енгізу туралы шешімін жариялау кезінде Трамп бұл қауіптің АҚШ-тың негізгі сауда серіктестерінің ішкі экономикалық саясатынан және жаһандық сауда жүйесіндегі құрылымдық теңсіздіктерден туындайтынын атап өтті.
Осы қатерге байланысты мен елде төтенше жағдай жариялаймын, – деді ол.
БАҚ мәліметінше, АҚШ-тың сауда балансының тапшылығы импорт пен экспорт арасындағы айырмашылықтан қалыптасқан. Ресми деректерге сәйкес, былтыр елде импорт көлемі экспорттан 1,2 триллион долларға артық болған.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

