Washington DC

Трамп АҚШ астанасын әлемдегі ең қауіпті қалалардың қатарына қосты

АҚШ президенті Дональд Трамп Вашингтондағы көше қылмысының өршуіне байланысты оны әлемдегі ең қауіпті қалалардың бірі деп атады. Бұл туралы ол Truth Social әлеуметтік желісінде жазды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы. 

Мемлекет басшысының айтуынша, алдағы аптада ел астанасы — Колумбия округіндегі зорлық-зомбылық қылмыстарын түбегейлі тоқтатуға бағытталған баспасөз конференциясы өтпек.

Ол әлемдегі ең қауіпті қалалардың біріне айналды. Жақында ол ең қауіпсіз қалалардың біріне айналады!!! Бұл мәселеге назар аударғандарыңызға рақмет, - деп жазды Трамп.

Айта кетейік, АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Украинадағы қақтығысты реттеу мәселесі бойынша қойылған ультиматумның мерзімін қысқартатынын мәлімдеді.