Трамп 25 қыркүйекте Ердоғанмен келіссөздер өткізеді
23.09.2025 05:20
Фото:
instagram.com/whitehouse
АҚШ президенті Дональд Трамп 25 қыркүйекте Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанмен Ақ үйде екіжақты келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Шетелдік басылымның жазуынша, бұл туралы дүйсенбі күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Каролин Левитт мәлімдеді.
«Бейсенбі күні Ақ үйде президент Трамп Түркия президенті Ердоғанды екіжақты кездесу үшін қабылдайды», — деді Каролин Левитт брифинг барысында.

