Toyota EPU

Toyota компаниясы көптен күткен роллс-ройсты таныстырды

Қайта жаңарған «Жапон роллс-ройсының» бағасы болашақта нағыз Rolls-Royce-пен теңесетін сияқты. Toyota концерні флагман моделін 2018 жылдан бері алғаш рет жаңартты, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Жапонияда Century жоғары класты консервативті автомобильдердің эталоны болғандықтан, компания оны жиі жаңарта бермейді.

Концерн G60 шанақты Century-дің сырт пішіні өте тартымды деп санайды, сондықтан фейслифтинг жасауды жөн көрмеді. LS 600h моделінен алған гибрид күштік құрылым да өзгеріссіз қалды: вариатормен жұмыс істейтін 5 литрлік атмосфералы V8 бен қосымша электромотордан тұратын агрегат 425 ат күшін береді.

Электроникасында өзгеріс көп. Үздік Toyota Safety Sense қауіпсіздік жүйесі Pre-Collision Safety деп аталатын жаңа функциямен толықты, ол алдағы және қапталдағы объектіні трассада ғана емес, қиылыста да байқап, апаттың алдын алады. Жаңарған Proactive Driving Assist кешені камера мен радарды пайдаланып, бұрылыста машинаны бірқалыпты тежеуді қамтамасыз етеді, сондай-ақ алдағы көліктер мен өзге жол қозғалысына қатысушыларға соғылудан сақтайды.

Toyota EPU

Салонның стандарт жабдықтар тізіміне мультимедиа жүйесінің 8 дюймдік экраны кіреді. Дәстүр бойынша қаптама материалында матаға басымдық берілген. Бірақ седанда бұрын осы аттас кроссоверде болған күңгірттеу функциясы бар артқы әйнек жоқ.

Өзгеріс аса көп болмаса да жаңа Century қазіргіден айтарлықтай қымбат болады. Машина бағасы 23 млн иеннен (~75.6 млн теңге) басталады, бұл қазіргіден 3 млн иен жоғары. Модельдің үздік Century GRMN нұсқасы да жарық көреді (төмен аспа, дизайны ерекше дөңгелек дискісі және сәнді карбон бастырық). Компания оның құнын тапсырыс берушіге ғана айтады.