Тойға арнайы жасақ келген: Ақтауда қонақтар мен полиция қызметкерлері арасында жанжал туындады
31.07.2023 12:35
Фото:
Видеодан кадр
Ақтауда мейрамхана маңында жанжал туындады. Аталған оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Желі қолданушылары сөзінше, 30 шілдеге қараған түні автодром маңында, мейрамханалардың бірінің сыртында мекемеге келушілер мен полиция арасында жанжал шыққан. Тіпті оқиға барысында арнайы жасақ жауынгерлері де көмекке келген.
Оқи отырыңыз:
Ал өңірдің Полиция департаменті мәліметінше, кезекші пультіне Мұнайлы ауданындағы мейрамханалардың бірінде қыз көмек сұрап жатқаны туралы қоңырау келіп түскен.
Осы дерек бойынша 22 жастағы жігітке ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабы (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттама толтырылды, - деді ведомство өкілі.
Айта кетейік, видеода бейәдеп сөздер бар!
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

